«Ирак және Курдтік билік тарапы Ақ үйдің Ирактағы радикал күштерді тізгіндеу үшін әуешабуылдық көмек беру туралы жұма күнгі шешімін қуана қабылдады»,- дейді NBC News 8 тамыздағы ақпаратында. Ирақтағы Курд автономиясының дін істері жөніндегі министрі Халид Джамал Альбер радикал күштер жағының қоршауымен тау басында қамалып, аштықта қалғандарға АҚШ тарапының әуеден азық-түлік пен су жіберіп берулеріне алғыстарын білдірді. «Біз Барак Обамаға рахмет айтамыз»,-дейді ол. «Жұмадағы мәліметтер бойынша, Ирак және Шам ислам мемлекеті(ИШИМ, ISIS) аталған радикал күштер үш немесе одан да көп қалашықты басып алғаны мәлім»,- дейді NBC News. Қуаттанып келе жатқан Ирак және Әл-Шам ислам мемлекеті мен оның одақтастары аумақтағы азшылық топтарды қырғындап, асқынған гуманитарлық дағдарыс туындатты.
Ал, Америка тарап бұл көмек беру операциясы жайында: «АҚШ ұшақтары аштықта қалғандарға су мен азық-түліктерді табысты түрде жеткізіп, қатерлі аумақтан қауіпсіз қайтып оралды»,- деп ақпарат таратты.
Санат Наққазақ